Италия чемпионаты: «Интер» - «Ювентус» матчында 8 гол соғылды

Италия чемпионаты: «Интер» - «Ювентус» матчында 8 гол соғылды

Италия А сериясының 9-туры аясында «Интер» - «Ювентус» матчы нәтижелі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Миланда өткен ойын 4:4 есебімен аяқталды. «Интер» сапында голдарды Петр Зелиньски (15-ші минут, пенальтиден және 37-ші, пенальтиден), Генрих Мхитарян (35-ші) және Дензел Дюмфрис (53-ші); «Ювентус» сапында Душан Влахович (20), Тимоти Веа (27) және Кенан Йылдыз (71 және 82) гол соқты.

Осылайша, өткізілген тоғыз матчтан кейін «Интердің» 18 ұпайы бар - ол А сериясының турнирлік кестесінде екінші орында, ал «Ювентус» 17 ұпаймен үшінші орында. Италия чемпионатының келесі турында «Интер» сыртта «Эмполимен» ойнаса, «Ювентус» «Парманы» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или