OCTAGON 65: Түркиялық файтер қырғызстандық қарсыласын жеңді
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 65 турнирінде жеңіл салмақта жарыстың негізгі кардының тағы бір жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркия файтері Роял Лейлизаде (6-1) қырғызстандық Келечек Топчубай уулумен (7-3-1) кездесті.
Жекпе-жек екі раундқа созылып, төрешілер шешімімен Роял Лейлизаде жеңіске жетті.
Жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін турнирдің негізгі кездесуінде Қазақстан файтері Нұржан «Бизон» Ақышев (16-4-1) өзбекстандық Мавлонбек Миркомиловпен (6-2-1) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или