Қазақ файтері қарсыласын 43-секундта нокаутқа түсірді. Видео

Қазақ файтері қарсыласын 43-секундта нокаутқа түсірді. Видео

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан файтерлері қатысқан OCTAGON 65 турнирінде қызық жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақта қырғызстандық Елдан Сакеев (5-2) қазақстандық Жасұлан Мейірмановпен (5-0) кездесті.

Жекпе-жек 43 секундқа созылып, Жасұлан Мейрманов қарсыласын нокаутқа түсірді.

Жеңіліп көрмеген қазақ файтері мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін турнирдің негізгі кездесуінде Қазақстан файтері Нұржан «Бизон» Ақышев (16-4-1) өзбекстандық Мавлонбек Миркомиловпен (6-2-1) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или