Қазақстандық «Питон» жеңіліп көрмеген өзбек файтерін жеңді

Қазақстандық «Питон» жеңіліп көрмеген өзбек файтерін жеңді

Алматыда OCTAGON 65 аралас жекпе-жек кеші аясында турнирдің басты карды басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген өзбекстандық Шахзодбек Жуманов (4-0) пен қазақстандық «Питон» Тимур Қуаныш (4-0-1) кездесті.

Жекпе-жекте төрешілер шешімімен «Питон» Тимур Қуаныш жеңіске жетті. Өзбекстандық Шахзодбек Жуманов мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін турнирдің негізгі кездесуінде Қазақстан файтері Нұржан «Бизон» Ақышев (16-4-1) өзбекстандық Мавлонбек Миркомиловпен (6-2-1) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 65 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или