"Астана - Ақтөбе" матчы алдында қайғылы оқиға орын алды

"Астана - Ақтөбе" матчы алдында қайғылы оқиға орын алды


27 қазанда таңертең "Астана" футбол клубының бір топ жанкүйері "Астана" - "Ақтөбе" матчын тамашалау үшін Алматыға жол тартқан. Алайда жолда олар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға түсті.

- Алматы қаласына барар жолда бір топ жанкүйеріміз жол-көлік оқиғасына тап болды. Елордалық клуб жанкүйері Нұрлан Ауғанбай ауыр жарақат алып, көз жұмды, тағы үш жанкүйер түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханада жатыр, - делінген Instagram-дағы Астана футбол клубының парақшасында.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или