Виктор Кумыков жалақысы туралы айтты

Виктор Кумыков жалақысы туралы айтты

«Қайсар» клубының бас бапкері Виктор Кумыков команданың биылғы маусымдағы өнері мен қаржылық жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport +.

Білікті маманның сөзінше, басшылық тарапынан қолдау болса, қызылордалықтар еурокубоктарда бақ сынауы мүмкін еді.

 

«Біз еурокубоктарға қатысқымыз келген, себебі бесінші орында тұрдық. Бізге ешкім құлақ түрген жоқ, тамызда жақсы өнер көрсеттік. Сол кезде неге құрамды күшейтпеске. Себебі біз бірқатар көшбасшыны жеңдік. Енді еурокубоктарға қатысуға құлқымыз жоқ. Жалақы бойынша да айта кетейін. Тамыз, қыркүйек пен қазанда айлық алған жоқпыз. Тек 1 млрд 200 млн теңге бөлу керек дегенді кім шығарған. Себебі бұл қаражат тек «Қайсарға» ғана емес, бірінші, екінші лигалар, қарыз бен салықтарға, стадион мен базаға кетеді. Сонда бізде жартысынан азы ғана қалады. Егер негізгі командаға 1 млрд 200 млн теңге бөлінсе, онда еурокубокқа таласып көруші едік. Менің «Қайсардағы» жалақым 20 мың еуро дегенді кім шығарып жүр? Бұл өтірік. Жалған», - деді Кумыков «Коммент. Шоу Казахстан» бағдарламасына берген сұхбатында.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или