Азия чемпионаты: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасында кімдер ойнайды

Азия чемпионаты: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасында кімдер ойнайды

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Құрлықтық дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары - Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония. 

Қақпашылар: Арина Щеколова («Томирис», Астана), Полина Говтва («Айсұлу», Алматы)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис», Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі - «Торпедо», Өскемен) Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (барлығы - «Айсұлу», Алматы)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы – «Айсұлу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхақкызы (барлығы – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александа Шегай (барлығы – «Томирис»).

Турнирдің ашылуы алдында ел құрамасы қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оған қоса 27 қазанда Қытаймен жолдастық кездесуде дайындығын пысықтай түседі.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

31.10.2024, 16:30 - Қытай - Қазақстан01.11.2024, 13:00 - Жапония - Қазақстан02.11.2024, 13:00 - Қазақстан - Оңтүстік Корея

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или