Кирилл Кекер биыл екі мәрте бас бапкер қызметінен кетті

Кирилл Кекер биыл екі мәрте бас бапкер қызметінен кетті

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Жеңіс» клубынан жеңілісінен (1:2) кейін қызметінен кету жөнінде өтініш берді.

Бас бапкер бұл шешімді өз қалауы негізінде қабылдаған. 

Ол шымкенттік клуб тізгінін тамыз айында ұстаған еді. Аталған қызметте маман беларусьтік Александр Сенденвті алмастырды. Келісім-шарт жыл соңына дейін жасалды. 

Айта кетсек, шымкенттік клуб қатарынан екі мәрте жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды. Өткен жылы чемпиондық атаққа қол жеткізген команда биыл да сол жетістігін қайталауды алдына мақсат етіп қойған болатын. 

Сондай-ақ Кирилл Кекер сәуір айында алматылық «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті.

Осылайша биыл екі мәрте аталған қызметтен бас тартуға мәжбүр болып отыр.

45 жастағы маман 2022 жылғы маусымнан бастап «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или