Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенттері FIG кеңесінің мүшесі болды
Моринари Ватанабэ (Жапония) Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) басшысы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайлау Дохадағы (Қатар) FIG 85-конгресі кезінде өтті.
Айта кетейік, Ватанабе ұйымды 2017 жылдан бері басқарып келеді.
Қазақстан гимнастика федерациясының вице-президенті Даниса Дүйсенғалиева FIG кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Қазақстан гимнастика федерациясының тағы бір вице-президенті Алуа Бектұрова дауыс беру нәтижесі бойынша FIG көркем гимнастика жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или