Ғани Қайназаров: Барлық командалар соңына дейін күресіп, бүгінге күнге дейін шиеленісті сақтады

Ғани Қайназаров: Барлық командалар соңына дейін күресіп, бүгінге күнге дейін шиеленісті сақтады

 Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров Бірінші лига чемпионы атанған «Оқжетпес» футбол клубын құттықтады.

«Барша отандастарымызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Осы айрықша күні біз Бірінші лиганың кезекті маусымын аяқтап жатырмыз. Барлық командалар соңына дейін күресіп, бүгінге күнге дейін шиеленісті сақтады.

Осы орайда Ақмола облысы басшылығы және «Оқжетпес» футбол клубының әкімшілігі, қызметкерлері, бапкерлік штаб, ойыншылары мен жанкүйерлерін чемпиондығымен құттықтап, келесі жылғы Премьер-лигада сәттілік тілеймін», - деді Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или