Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді


Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатының ойын кестесі белгілі болды.

Құрлықтық дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония. 

Турнир басталардан бұрын ел құрамасы қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оған қоса 27 қазанда Қытаймен жолдастық кездесуде дайындығын пысықтай түседі.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

31.10.2024, 16:30 — Қытай — Қазақстан01.11.2024, 13:00 — Жапония — Қазақстан02.11.2024, 13:00 — Қазақстан — Оңтүстік Корея

Айта кетсек, әйелдер арасындағы құрлықтық додаға қатысатын құрамалардың барлығы осал емес. Мәселен, Жапония әлем чемпионатында топ-дивизионда ойын көрсетсе, Қытай бірінші дивизионның А тобында, Оңтүстік Корея біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или