Бивол Бетербиевпен болған жекпе-жектің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді

Бивол Бетербиевпен болған жекпе-жектің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол отандасы Артур Бетербиевке қарсы жекпе-жектің нәтижесіне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Биволдың менеджері Вадим Корнилов мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

13 қазанға қараған түні Бетербиев Биволды төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Жекпе-жектен кейін Биволдың командасы төрешілердің шешіміне наразы екенін айтып, наразылық білдіргісі келетінін мәлімдеді.

«Біз барлық ықтимал органдарға шағым түсірдік», - деді дереккөз ТАСС-қа берген түсініктемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или