Әліп Ресей кубогының плей-офф кезеңінде Самородовқа қарсы ойнайды

Әліп Ресей кубогының плей-офф кезеңінде Самородовқа қарсы ойнайды

Ресей кубогының 1/4 финалында «Зенит» пен «Ахмат» командалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz

«Зенит» Ресей кубогының топтық кезеңін алты кездесуден бірде-бір жеңіліссіз D тобында бірінші орында аяқтады. Ахмат «С» тобында тоғыз ұпай жинап, екінші орын алды.

Ширек финалдың алғашқы ойыны Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» 5-7 қарашада, ал қарымта кездесу 26-28 қарашада Грозныйда өтеді. Нақты күндері кейінірек хабарланады.

Биылғы маусымда Әліп Ресей чемпиондары сапында 12 кездесу өткізді. Осы жазда Ақтөбеден «Ахматқа» ауысқан Самородов Грозный клубында 11 ойын өткізіп, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или