Ангелина Лукасты Жамбыл облысының әкімі марапаттады

Ангелина Лукасты Жамбыл облысының әкімі марапаттады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас мереке қарсаңында Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Аталған марапатты өңір басшысы Таразда өткен салтанатты шарада табыстады.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол салтанатты шараға өзінің осыған дейін иеленген белдіктерін құшақтай шығып, Ербол Қарашөкеевтің қолынан тиісті марапатты алып отыр.

Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) қазан айының басында Бангкокте (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген еді.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Лукас чемпиондық белбеу үшін болған жекпе-жекте аргентиналық Дебора Анаи Лопесті (21-2-1, 1 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или