Жастар арасындағы Әлем чемпионаты: Бүгін бәрі жеңіске жетті

Жастар арасындағы Әлем чемпионаты: Бүгін бәрі жеңіске жетті

Будвадағы (Черногория) жастар арасындағы Әлем чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгін 6 боксшымыз шаршы алаңға шықты. Алтауы да жеңіс тұғырынан көрінді.

Күндізгі сессияда сынға түскен қос боксшымыз Диас Берікбаев (48 кг) пен Санжар-Али Бегалиев (75 кг) қарсыластарын 5:0 есебімен жеңіп келесі кезеңге жолдама алды. 

Кешкі сессияда 4 боксшымыз жарыс жолына шықты. Қыздарымыз Бағжан Отынбай (52 кг), Мария Сидоренко (70 кг) және Аяжан Ермек (57 кг) қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Және сенімді түрде келесі кезеңге өтті.

Шаршы алаңға соңғы болып шыққан Бауыржан Мұратов та 54 келі салмақта венесуэлалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или