Садриддин Ахмедов Головкиннің бұрынғы бапкерінің қарамағында жаттығу жасап жүр

Садриддин Ахмедов Головкиннің бұрынғы бапкерінің қарамағында жаттығу жасап жүр


Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) шаршы алаңға оралу үшін тыңғылықты жаттығу жасап жатыр, деп хабарлайды Sport +.

Өзінің Instagram-дағы парақшасында Ахмедов залдағы жаттығуының видеосын жариялады. Көпшілік кадрдан Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчесті байқап, тіпті ол туралы пікірлер де қалдырған.

«Абель Санчестің өзі жаттықтырып жатыр екен, чемпион боласың», «Біздің баяғы Абеке ғой», «Абель Санчес білікті маман», - деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов ұзақ уақыт бойы GGG-дің де промоутері болған Том Леффлермен жұмыс істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или