Ағылшындық клуб Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Ағылшындық клуб Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты


"Манчестер Сити" футбол клубы Чемпиондар лигасында тарихи рекорд жаңартты. Команда 26 ойын қатарынан ұтылмай келеді, - деп хабарлайды msports.kz сайты.

Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда түнде Праганың "Спарта" клубын өз алаңында 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Матчта Фил Фоден, Джон Стоунз бен Матеус Нуньес бір-бір голдан соқса, Эрлинг Холанд дубль жасады.

Осылайша, "қалалықтар" "Манчестер Юнайтедтің" рекордын басып озды. "Қызыл сойқандар" 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың мамырына дейін 25 ойын қатарынан ұтылмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или