Қазақстан алғаш рет World Boxing турниріне қатысады

Қазақстан алғаш рет World Boxing турниріне қатысады

26 қазанда 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан әлем чемпионаты басталады.

Ол Пуэбло қаласында (АҚШ) өтеді.

Халықаралық бокс федерациясы ұйымдастырған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет өнер көрсетеді.

Әлем чемпионатына барлығы 30 елден 180 спортшы тіркелген. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ-та Қазақстаннан төрт боксшы қатысады.

Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейін), Асылхан Көшербай (65 келіге дейін), Диас Серікұлы (70 келіге дейін) және Даниял Райымбеков (85 келіге дейін).

Айта кетейік, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған Халықаралық бокс федерациясы. Осы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Дүниежүзілік боксқа кіруге өтініш берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или