«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасында ірі есеппен ұтылды. Үш футболшы алаңнан қуылды

«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасында ірі есеппен ұтылды. Үш футболшы алаңнан қуылды

Бүгін, 23 қазанда 19 жасқа дейінгі «Қайрат» УЕФА жастар арасындағы Чемпиондар лигасының екінші кезеңі аясында Испанияның «Бетисімен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Севильяда өтіп, 6:1 есебімен испандық клубтың жеңісімен аяқталды.

Алматылықтар сапынан жалғыз голды Әмірбек Базарбаев соқты.

Бұл ретте «Қайраттың» үш ойыншысы алаңнан қуылды.

Алматыдағы қарымта ойын 6 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или