Жұмасқалиев «Тобылдың» ҚПЛ-дағы сенімді жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Жұмасқалиев «Тобылдың» ҚПЛ-дағы сенімді жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

ҚПЛ-ның 15-турында «Тұран» клубын жеңгеннен кейін (2:0) матчтан кейінгі баспасөз мәслихаты барысында «Тобыл» командасының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев команда жанкүйерлерін жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ең алдымен барша қостанайлық жанкүйерлерді жеңісімен құттықтаймын. Сондай-ақ жақсы ойын көрсеткен ойыншыларымызға алғысымды білдіргім келеді. Олар тапсырманы орындады.

Бірінші таймда сенімді ойнадық, бірақ екінші таймда қарқынды сәл бәсеңдеттік, бұл команданың физикалық жағдайына байланысты болды, өйткені осыдан төрт күн бұрын Қостанайда «Ордабасымен» кездесу өткіздік.

Нәтижеге тағы да толықтай қанағаттандық. Матчтың жоспары орындалды», - деді «Тобыл» бас бапкері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или