Лаура Ғаниқызы ширек финалда жеңіліп қалды

Лаура Ғаниқызы ширек финалда жеңіліп қалды

Лаура Ғаниқызы ширек финалда сүрінді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Лаура Ғаниқызы (50 кг) Тиранадағы әлем чемпионатының ширек финалында Панамерика чемпионы, 21 жастағы спортшы Сэйдж Рейн Мартимерге жол берді. Тартысты белдесудің есебі 4-14.

Енді 19 жастағы отандасымыз америкалық палуанның жартылай финалдағы кездесуінің нәтижесін күтеді.

Айта кетейік, Лаура Ғаниқызы 1/8 финалда алдыңғы әлем чемпионатында есе жіберді түрік палуаны Зехра Демирханды айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или