Месси тағы да үздік атанды

Месси тағы да үздік атанды

Лионель Месси – MLS-тің қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Интер Майами» шабуылшысы осы айдағы үш матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Осыған дейін аргентиналық сәуір айының үздік ойыншысы болған еді.

Айта кетейік, MLS тұрақты чемпионатында топ жарған «Интер Майами» плей-офф кезеңінің 1/8 финалында «Атлантамен» күш сынасады.

Сондай-ақ «Интер Майами» клубы 2025 жылы өтетін клубтар арасындағы Әлем чемпионатында бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или