Рамзан Қадыров Биволды жеңген боксшыға автокөлік сыйлап, құрметті азамат атағын берді

Рамзан Қадыров Биволды жеңген боксшыға автокөлік сыйлап, құрметті азамат атағын берді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров былғары қолғап шебері Артур Бетербиевке кәсіпқой бокстағы жеңісі үшін сыйлық жасады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров боксшы Артур Бетербиевке республиканың құрметті азаматы атағын берді. Сондай-ақ Рамзан Қадыров былғары қолғап шеберіне бокстың дамуына қосқан үлесі үшін автокөліктің кілтін табыстады.

- Дүйсенбінің кешінде Мәскеуден әлемнің ең үздік боксшыларының бірі, жартылай ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы Артур Бетербиевпен бірге ұшып келдім. Артур Бетербиевтің жеңісі мен осындай биік атақты иеленуі Шешенстанның тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйер үшін де үлкен сый болды.

Мен Артур Бетербиевке "Шешенстанның құрметті азаматы" атағын беріп, оған автокөліктің кілтін табыс етуге қуаныштымын. Біз сенімен мақтанамыз, бауырымыз, - деп жазды Рамзан Қадыров Telegram желісіндегі ресми арнасында. 

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или