Күрестен Әлем чемпионаты: Палуандарымыз жүлдесіз қалуы мүмкін
3 палуанымыз қарсыластың нәтижесін күтеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Тиранада өтіп жатқан күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында Ұлттық құраманың 3 өкілі қарсыласына есе жіберді.
Ширек финалда Ербол Камалиев (55 кг) үндістандық қарсыласынан аса алмады. Ал 1/8 айналымда Нұрсұлтан Базарбаев (63 кг) Арам Варданяннан (Армения), аса ауыр салмақтағы Асылбек Әбдіқалық грекиялық Николаос Нтунаистен ұтылып қалды.
Десе де біздің спортшылардың қола жүлдеге таласатын мүмкіндігі бар. Ол үшін біраздан кейін қарсыластары финалға шығуы керек.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или