«Барыстың» жаңа бапкері басты міндетті атады

«Барыстың» жаңа бапкері басты міндетті атады

«Барыстың» бапкері Ғалым Мамбеталиев клуб басшылығының алдына қойған басты міндетін атады, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Міндет - мықты және жауынгерлік команда құру. Менің ойымша, жігіттер мұны түсінеді және тырысады. Осы үш күннің өзінде жаттығуға деген көзқарас өзгерді. Барлығы жұмыс істеп, еңбектенуде. Менің ойымша, егер бұл үрдіс жалғаса берсе, біз ұпай жинаймыз», – деді маман баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Мамбеталиев өткен аптада «Барысқа» бас бапкер болып сайланды. Соңғы матчта оның басшылығымен команда Минскілік «Динамоны» 2-1 есебімен жеңді.

Алайда, бұл жеңіс турнир жағдайына әсер еткен жоқ. «Барыс» ҚХЛ Шығыс конференциясында тоғыз ұпаймен соңғы, 12-ші орында тұр.

Келесі матчты елордалық клуб 23 қазанда «Сибирге» қарсы өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или