Ривалдо тарихтағы ең үздік ойыншыны атады

Ривалдо тарихтағы ең үздік ойыншыны атады

Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Ривалдо тарихтағы үздік ойыншыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Месси немесе Пеле. Пеленің ойнағанын көрмедім, бірақ таспаларды көрдім және бәрі оның керемет болғанын айтады. Ол үш әлем чемпионатын жеңіп алды және ол бразилиялық... Бірақ Месси Пеле сияқты. Ол алдына әлем чемпионы болу мақсатын қойып, оған қол жеткізді. Месси алаңда өзгеріс жасай алады. Біз одан ләззат алуымыз үшін ол қайтадан ойнайды деп үміттенемін», - деп Ривалдоның сөзін келтіреді Sport.es.

Айта кетейік, Месси 2023 жылдың жазғы трансферлік терезесінде «Интер Майамиге» ауысты. Осы маусымда аргентиналық американдық клубтың 19 матчына қатысып, 20 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Мессидің «Интер Майамимен» қазіргі келісімшарт мерзімі 2025 жылдың желтоқсанына дейін. Барлығы форвардтың 46 командалық, сондай-ақ 56 жеке жүлделері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или