«Барыс» сырт алаңда «Динамоны» жеңді

«Барыс» сырт алаңда «Динамоны» жеңді

Минскінің «Динамосы» мен «Барыс» кездескен ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар «Минск Арена» стадионында ойнады. «Барыс» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Динамо» сапында Крис Тирни шайба соқты. Ал «Барыс» сапында Әлихан Өмірбеков пен Кирилл Панюков шайба соқты.

Айта кетейік, «Барыс» 18 ойыннан кейін тоғыз ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 12-орында тұр.

23 қазанда «Барыс» сырт алаңда Новосібірдің «Сібірімен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или