«Боруссия» Мадридте жаттығудан бас тартты

«Боруссия» Мадридте жаттығудан бас тартты

Дортмундтық «Боруссия» Мадридте жаттығу жасамайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Дортмундтың клубы 23 қазанға қараған түні Чемпиондар лигасы жалпы кезеңнің 3-туры аясында «Реалмен» кездеседі.

«Аралар» Мадридте өтетін матч алдындағы жаттығудан бас тартты. Бас бапкер Нури Шахиннің пікірінше қарсылас тараптан аңду іс-қимылы жүруі мүмкін екен.

Команда соңғы жаттығуын Германиядағы базасында өткізіп, артынша Испанияға жол тартады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или