Семсерлесуден бапкерлік құрамда өзгерістер орын алды
Семсерлесуден ұлттық құраманың бапкерлік штабынба өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті мәлімдеді.
«Біздің құрама Франция, Италия, Жапония және өзге де елдердің әлемдік көшбасшылары үшін мықты қарсыласқа айналды. Бірақ біз қазіргі жетістіктерде тоқтап қалғымыз келмейді және келесі қадамға аяқ басуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат – командалық лицензияны қайталап, Лос-Анджелестен жүлдемен оралу. Бұл үшін біз семсерлесуден бапкерлік құрамды күшейттік, әлемдегі үздіктердің бірі – Александр Владимирович Горбачук. Ол осы кезеңде украиналық семсерлесу мектебінің өкілі, ал соңғы 15 жылда Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпиондары атанған жапониялық спортшылармен жұмыс істеген», - деді Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуов.