Месси АҚШ-та рекорд орнатты

Месси АҚШ-та рекорд орнатты

Аргентиналық шабуылшы «Интер Майами» Лионель Месси «New England Revolution» командасымен тұрақты маусымның соңғы матчында MLS рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард 58-минутта қосалқы құрамнан шығып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Осылайша Месси лига тарихында алаңнан тыңнан қосылып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген бірінші ойыншы болды.

Бұған дейін Месси «Интер Майами» тарихындағы үздік сұрмерген атанды деп хабарланған болатын. Аргентиналық клуб сапында 33 гол соғып, 32 голы бар эквадорлық шабуылшы Леонардо Кампананы басып озды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или