«Барыс» Ресейде «Локомотивтен» жеңіліп қалды

«Барыс» Ресейде «Локомотивтен» жеңіліп қалды


Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 10 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді. 

Кездесу барысында ресейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. Оны 17-минутта Дмитрий Симашев өзінің еншісіне жазды. Ойынның 32-минутында Егор Сурин есепті үстемелей түсті.

Ал 54-минутта «Барыс» хоккейшісі Әлихан Әсетов мергендік танытса, 59-минутта ресейлік командадан Алексей Береглазов қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда 21 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или