Холанд АПЛ-дегі ең жылдам ойыншылардың тізіміне енді

Холанд АПЛ-дегі ең жылдам ойыншылардың тізіміне енді

BBC Opta Sportsпен бірге АПЛ-дегі ең жылдам футболшылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

37,1 км/сағ жылдамдықпен «Тоттенхэм» командасының ойыншысы Микки ван де Вен көш бастады. Одан кейін Карлуш Боржеш («Вулверхэмптон», 36,6 км/сағ) және Энтони Эланга («Ноттингем Форест», 35,9 км/сағ) келеді.

Шабуылшы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситидегі» ең жылдам ойыншы – 35,7 км/сағ.

«Арсеналдағы» ең жылдам ойыншы - Габриэль Мартинелли (35,6 км/сағ), «Манчестер Юнайтед» Алехандро Гарначо (35,5 км/сағ), «Челсидегі» Педру Нету (35,4 км/сағ), «Ливерпуль» - Трент Александер-Арнольд (34,7 км/сағ).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или