«Барыс» тағы бір легионермен қоштасты

«Барыс» тағы бір легионермен қоштасты

Шабуылшы Чейз ДеЛео «Барыс» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 жастағы америкалықпен келісімшарт клубтың бастамасымен өтемақы төленіп бұзылған.

ДеЛео қыркүйектің басынан бері «Барыс» сапында ойнайды. 9 матчта ол оң нәтиже көрсете алмады.

Бұған дейін «Барыс» қорғаушылар Натан Боулье мен Уилл Батчермен, сондай-ақ шабуылшылар Майкл Маклеод, Владислав Кодола және Даниил Апалковпен ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или