«Тобыл» — «Ордабасы»: Чемпионат тағдырына әсер ететін маңызды матчта кім жеңеді?
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Тобыл» — «Ордабасы» матчы өтеді. Бұл чемпиондыққа таластағы аса маңызды кездесу, деп жазады Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.
Турнирдің аяқталуына небәрі 4 тур қалды. Чемпиондыққа таласта «Ордабасы» ырықты орында тұр. Шымкенттік команда 20 ойында 39 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасқан. Олар қалған 4 ойында ұпайдан шашау шығармаса, басқа бәсекелестерінің қандай нәтиже көрсеткеніне қарамастан, чемпиондық атағын қорғап қалады. Әрине, соңғы турлардағы қарсыластары осал емес - «Тобыл», «Қайрат» және «Елімай» сынды көшбасшы командалармен кездеседі. Бірақ бәрі шымкенттік команданың өз қолында, соңғы 4 ойында жеңіске жете алса, алтын медальге ешкім таласа алмайды.
Ал «Тобылдың» жағдайы сәл өзгеше. Қостанайлықтар 20 матчта 30 ұпай жинап, кестеде 6-орында орналасқан. Оның үстіне үздік үштіктен 7 ұпай қалып тұр. Келер маусымда Еурокубокқа қатысу мүмкіндігі көп емес, бірақ теориялық тұрғыда әлі де мүмкіндік бар. Ол үшін «Тобыл» ойыншылары соңғы 4 ойында жеңіске жетіп, өзге бәсекелестерінің ұпай жоғалтқанын күтеді. Сондықтан қостанайлық команда өз алаңында «Ордабасыны» жеңуге тырысады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл кездесуде алаң иелерін аздап фаворит санап отыр. «Тобылдың» жеңісіне – 2.19, «Ордабасының» пайдасына – 3.26 коэффициент ұсынып отыр. Ал кездесу тең аяқталады деген бәсті 3.18 коэффициентке бағалайды.
Сондай-ақ, Tennisi.kz мамандары TM 2.5 – матчта 3 гол соғылмайды дегенге – 1.65, ал керісінше бәске – 2.11 коэффициент берілген.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.