Роналду 97-минута гол соғып, «Аль-Наср» жеңіске жетті

Роналду 97-минута гол соғып, «Аль-Наср» жеңіске жетті

Сауд Арабиясы чемпионатының 7-турындағы ойында «Аль-Наср» сырт алаңда «Аль-Шабабты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

69-минутта Эмерик Лапорттың соққысынан кейін Криштиану Роналдудың командасы алға шықты. Одан кейін Садио Мане соққан VAR тексерісінен кейін есепке алынбады. 90-минутта алаң иелері есепті теңестіріп кетті – Али Аль-Хассан гол соқты. Ойынның 97-минутта Роналду пенальтиді сәтті орындап, «Аль-Наср» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл матчтан кейін «Аль-Наср» Про-лиганың турнирлік кестесінде 2-орында (17 ұпай), «Аль-Шабаб» 4-орында (12 ұпай) тұр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или