«Біз Погбаны пайдалана алмаймыз». Поль Погба шеттетілуден кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берді

«Біз Погбаны пайдалана алмаймыз». Поль Погба шеттетілуден кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берді

Франция құрамасы сапында өнер көрсеткен әлем чемпионы Поль Погба шеттетілуден кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы Погба 2023 жылдың 20 тамызында тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын. 2024 жылдың ақпанында Франция құрамасынан әлем чемпионы төрт жылға шеттетілген еді. Артынша француздың допинг қолданғаны үшін шеттетілуі 4 жылдан 18 айға қысқартылды. Қаңтар айында Поль «Ювентуспен» жаттығуға кірісе алады, ал наурызда ол ресми матчтарда ойнауға рұқсат алады.

«Біз бәріміз адамбыз, бәрімізде сезім бар. Шеттетілген кезімде, өмірдің не екенін түсіндім. Сол атақты Поль Погба енді жоқ.

Адамдар меннен қаша бастады. Мені сән апталықтарына және осыған ұқсас шараларға шақыратын. Енді олар: «Біз Погбаны пайдалана алмаймыз» деді. Менің достарым бұрынғыдай қоңырау шалмайтын болды», - деді Погба ESPN-ге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или