«Барыс» сапынан екі шабуылшы кетті

«Барыс» сапынан екі шабуылшы кетті

«Барыстың» баспасөз қызметі екі шабуылшымен қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб шабуылшылар Владислав Кодола және Даниил Апальковпен келісімшартты бұзды.

Апальков астаналықтар сапында 46 кездесу өткізіп, 17 (8+9) ұпай жинады. Кодола 12 матчта өнер көрсетті.

Осы маусымда «Барыс» 16 кездесу өткізіп, оның үшеуінде ғана жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасының кестесінде соңғы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или