Асу Алмабаев – Матеус Николау. «Зүлфиқар» UFC элитасына ене ала ма?

Асу Алмабаев – Матеус Николау. «Зүлфиқар» UFC элитасына ене ала ма?

 20 қазан таңда Лас-Вегаста Асу Алмабаев UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді. «Зүлфиқар» сәтті өнер көрсетіп, өз дивизионында жоғарылап келеді. Оның жанкүйерлері спортшы жеңісті жолын жалғайды деп сеніп отыр.  

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.

30 жастағы Алмабаевтың ММА-дағы кәсіпқой рекорды – 20-2, 12 жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен, ол қатарынан 16 рет жеңіске жетіп, жеңістер сериясын жалғастырып келеді. UFC-де де тамаша жекпе-жектер өткізеді. Бірақ Оде Осборнды ғана мерзімінен бұрын жеңді – промоушендағы дебютінің екінші раундында жеңіске жетті.  Ал Си Джея Вергар мен Хосе Джонсондан төрешілердің бірауызды шешімімен басым түсті. «Зүлфиқар» әмбебап файтер, ол кез келген қарсыласқа қарсы өнер көрсете алады. 

Бірақ, мойындау керек, қазақстандық файтерге 31 жастағы бразилиялық Матеус Николау сияқты мықты қарсылас бұған дейін кездескен жоқ. Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері UFC-де екінші рет бақ сынап жатыр. Ол лигаға бірінші рет әлемдегі ең беделді MMA промоушенінің қолдауымен өткен The Ultimate Fighter спорттық реалити-шоуы арқылы өті. Матеус Brazil 4 маусымына қатысқан, бірақ екі жеңістен кейін жартылай финалда жеңіліп қалды. Дегенмен, UFC басшыларына өнері ұнап, 2015 жылғы қарашада лигада дебют жасады. Ұйымдағы алғашқы үш жекпе-жегінде жеңіске жеткен Николауды 2018 жылғы шілдеде Дастин Ортис нокаутқа түсірді. Алты айдан астам уақыттан кейін файтер промоушеннен босатылды.

Содан кейін Матеус Бразилияның Future FC лигасымен келісімшартқа отырды. Алайда лигада бір ғана жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Содан кейін ол Brave CF-де жекпе-жек өткізіп, онда да жеңіске жетті. 2020 жылдың аяғында бразилиялық UFC-ге оралды. Ол қайта оралған соңғы алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы қаңтарда Тагир Уланбековпен өткізуі керек еді, бірақ ресейлік белгісіз себептермен жекпе-жектен бас тартты. Олардың кездесуі наурыз айының ортасына шегерілді, бірақ Уланбеков бұл жекпе-жекке де келмеді - оның орнын Манел Капе басты. Бұл кездесуде Николау жеңіске жетті, бірақ шешім дауға ұласты. Одан кейін сол жылдың қазан айында бразилиялық Тим Эллиотты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. 2022 жылы наурызда чехиялық Давид Дворакты да оңай ұтты. Ал желтоқсанда Мэтт Шнеллді нокаутқа түсірді. Алайда осыдан кейін оңтүстік америкалық файтердің сәтті сериясы үзілді, ол лигадағы кейінгі екі жекпе-жегінде Брэндон Ройвэл мен Алекс Переске есе жіберді.  

Алдағы жекпе-жек Асу Алмабаев үшін өте маңызды болатыны анық, жеңіске жетсе, «Зүлфиқар» ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде Топ-7-ге, тіпті бірден Топ-5-ке енеді. Бірақ ол үшін алдымен Матеус Николауды жеңу қажет, бұл кездесу оңай болмайтыны белгілі. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл жекпе-жекте қазақстандық файтердің жеңісіне – 1.46, бразилиялықтың пайдасына  2.80 коэффициент ұсынып отыр. Ал кездесу тең аяқталады деген бәсті  57.00 коэффициентке бағалайды. TM 2.5  жекпе-жек үшінші раундтың соңына дейін созылмайды дегенге – 1.39, ал соңына дейін жалғасады дегенге  3.00 коэффициент берілген.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или