Қазақ тілі туралы әзілдеген Черчесов айыппұл арқалады

Қазақ тілі туралы әзілдеген Черчесов айыппұл арқалады

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов айтты.

«Черчесовтің әзілі шектен шықты. Онымен өзім жеке сөйлесіп, тіліміздің мәртебесі туралы түсіндірдім. Оған айыппұл салынды», – деді Әділет Барменқұлов Мәжілістегі дөңгелек үстел кезінде.

Еске салайық, ресейлік маман Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ПСЖ жейдесін киіп, қазақша сұрақ қойған журналиске «сен французша сөйлеп тұрсың ба?» деген еді.

Tengri Sport ақпаратына сенсек, айыппұл 200 АЕК (738 400 теңге) екен.

Айта кетейік, Черчесов бұған дейін де қазақ тіліне қатысты дауға тап болған еді. Құрама тізгінін енді ұстаған кезде баспасөз мәслихатында журналист Нұрсұлтан Құрманның қазақша сұрақ қойғанына шүйліккен болатын.

Станислав Черчесовтің жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы төрт матчта бір ұпай еншілеп, бір гол да соға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или