Гвардиола Англия құрамасына қатысты сұраққа жауап берді

Гвардиола Англия құрамасына қатысты сұраққа жауап берді

Пеп Гвардиола Англия құрамасын тізгіндеуі мүмкін деген сыбыстарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Әзірге бұл шындыққа жанаспайды. Мен әліде «Манчестер Сити» бапкерімін.

Болашағыма қатысты нақты шешім қабылдаған жоқпын, кез-келген жағдай орын алуы мүмкін. Дәл қазіргі сәтте ештеңе айта алмаймын»,– дейді испаниялық маман.

Айта кетейік, Англия құрамасы қазір бас бапкерсіз өнер көрсетуде. Уақытша ағылшындық маман Ли Карсли бас бапкер міндетін атқарушы ретінде жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или