Тайань (Қытай) қаласында бүгінде спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.
Олар - Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.
Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.