Қазақстандық дзюдошы БАӘ-де өткен «Grand Slam» турнирінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы БАӘ-де өткен «Grand Slam» турнирінде қола медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшысы Назгүл Маратова Абу-Дабиде (БАӘ) өткен дзюдодан «Grand Slam» турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Спортшы 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Үшінші орын үшін белдесуде ол үш ескерту алған Анастасия Холодилинаны (Ресей) жеңді.

Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық Карина Такиева қола үшін белдесті. Алайда ол Хелена Вуковичтен (Хорватия) ұтылып қалды.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или