Кениялық спортшы марафонда әлемдік рекорд орнатты
Кениялық спортшы Рут Чепнгетич Чикаго марафонында жеңіске жетіп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы спортшы 42 шақырым 195 м қашықтықты 2 сағат 9 минут 57 секундта бағындырды, бұл әйелдер арасындағы марафондағы ең үздік нәтиже.
Бұған дейінгі 2 сағат 11 минут 53 секунд рекордтты Эфиопия спортшысы Тигст Ассефаға тиесілі болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или