Әлішер Ерғали салмақ дәрежесін ауыстырады

Әлішер Ерғали салмақ дәрежесін ауыстырады


Әлішер Ерғали салмақ дәрежесін ауыстырады. Бұл туралы еркін күрестен ұлттық құрама бапкері Мадияр Құрамысов айтты.

"Әлішер қазір демалып жатыр. Білуімше, енді ол 125 килоға дейінгі салмақ дәрежесіне ауысады. Салмақ қуу оған қиынға түсіп жүр. Бір салмақта ұзақ уақыт болу ауыр. 115 кило болды, 97 килоға дейін салмақ тастау, бұл - қиын. Ағза зорығады. Сондықтан ойлаймын, ол енді 125 кг салмақта күреседі", – деді Құрамысов.

Еске салайық, Әлішер Ерғали Париждегі Олимпиадада 97 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или