Ақтөбенің спорт шенеуніктері бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған

Ақтөбенің спорт шенеуніктері бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған

Ақтөбенің спорт шенеуніктері бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған, деп хабарлайды Prosports.kz 

Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдарын жалға беріп, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерде бәске тігіп жеңіліп қалған. Бұл туралы облыстың прокуратурасы мәлімдеді.

Шенділер аталған спорт алаңдары мен залдарды әуесқой спорт командаларына жалға берген. Түскен ақшаны бюджетке салудың орнына құмар ойын ойнауға жаратқан.

Келтірілген шығын көлемі – 6 миллион теңге көлемінде.

«Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубы командасының ұшуы бойынша әуе қызметтерін 165 млн теңгеден астам көтерілген бағамен бірнеше делдал арқылы сатып алу фактілері анықталды», - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Аталған жайттар бойынша ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или