Абиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Абиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды

Абиба Әбужақынова Олимпиададан кейінгі бірінші жарысын сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты. 

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған. 

Бұл раундта ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды. Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды. 

Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или