УЕФА президенті футболшыларға жауап берді

УЕФА президенті футболшыларға жауап берді

УЕФА президенті Чеферин футболшыларға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz 

УЕФА президенті Александр Чеферин футболшылардың ойын кестесіне көңілі толмауына қатысты пікір білдірді:

«Қосымша матчтарға орын жоқ. Бірақ айта кету керек: кім шағымданып жатыр? Ең жоғары жалақы алатын ойыншылар мен 25 топ-футболшысы барлар [клубтар]. Жалақысы төмендер мен 11 ойыншысы бар клубтар шағымданып жатқан жоқ. Олар ойнағанды ​​жақсы көреді», – дейді УЕФА президенті.

Соған қарағанда УЕФА матчтар санын азайтпайтын сияқты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше футболшы матч көптігіне байланысты шағымданған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или