Денис Никиша: Орныңнан тұр да, нәтижеге жет. Әйтпесе шорт-тректе не істеп жүрсің?

Денис Никиша: Орныңнан тұр да, нәтижеге жет. Әйтпесе шорт-тректе не істеп жүрсің?


Шорт-тректен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Денис Никиша жаңа маусымға белсенді дайындалып жатыр. Жуырда өткен ел чемпионатында ол бірнеше марапат алып көзге түсті. Бұл ретте әлем чемпионатының күміс жүлдегері бұл біріншілікке мақсатты түрде дайындалмағанын жеткізді. Бұл әлемдік турнирлерге қатысуға жол ашатын кезең болды.Спортшы Olympic.kz-ке берген сұхбатында  бірсарындылықтың кері әсерін, көп дайындалудың маңызын және шорт-тректің ерекшеліктері туралы айтты.

- Денис, ел бірінішілігі өтті. Алған әсер қандай?

- Мен де, біздің команда да Қазақстан чемпионатына нақты дайындалған жоқпыз. Бізде мынадай жоспар болды  -  барынша көп дайындалу. 

- Яғни, көлемге жұмыс істедіңіздер ме? 

- Иә, жеңіске жетуге ұмтылудың мәні жоқ болды. Себебі алда жарыстар кестесі өте тығыз, маңызды маусым күтіп тұр.

- Яғни, ел чемпионаты алдында жылдамдықты шыңдаған жоқсыздар ғой? 

- Жоқ, аса емес. Әлі ерте.  Әлем кубогі кезеңдеріне қарай ғана жылдамдыққа жаттығатын боламыз. Сонымен бірге Әлем кубогі кезеңдерінен кейін де жаттыға береміз деп ойлаймын. Яғни үлкен, ауыр жұмыстарды атқарамыз. Бұл маусымның басты жарыстарына дайындалу үшін қажет. Азия ойындары мен әлем чемпионаты басты назарда. Сондықтан осы турнирлерге дайындалу, бабыңда болу маңызды.

- Дегенмен, сіз бұл жолы дисквалификация алып қалып, жеңіс тұғырына шыға алмай қалғаныңыз болмаса, бірінші болдыңыз. Одан бөлек шабуылыңыз да ерекше көзге түсті. Қажет кезде басып озуды қалай жүзеге асырасыз? 

- Шорт-тректі де сол үшін жақсы көреміз. Құмарлық, адреналин, жылдамдық, күтпеген жайттар, тәуекел үшін. Біздің спорт  түрінде ең мықты спортшы жеңбей қалуы мүмкін, себебі құлау деген бар, әр түрлі жағдай үшін пенальти алуың мүмкін. 

Мен жарыс жолындағы нәтижеме көңілім толды. Бірінші күні 1500 метр қашықтықта күміс жүлде алдым. Бұл қашықтықта конькимен сырғанау мүлдем менің машығым емес, себебі көбінде спринтке машықтанғанмын. Оған қоса 500 метр қашықтықта да бірінші болдым. Иә, төрешілер ереже бұздың дейді. Бірақ бұл менің көңілімді  түсірген жоқ. Ол қатты қорқынышты емес. Бастысы, күшімді сезінемін. Үлкен көлемдегі дайындықтардан соң жұлқынып тұрмыз. Бірінші ресми сайыстар үшін бұл өте жақсы нәтиже деп ойлаймын.

- Бір күнде осыншама сайысқа қатысуға қалай үлгересіз? Жекелей сындағы бірнеше кезең бар, эстафеталар да бар... 

- Бұл біздің спорттың ерекшелігі ғой. Шыдамдылық көрсеткіші жоғары болуы керек. Барлық сайыс бойынша сырғанай білуің керек, аз уақыт демалып алып жарыс жолына қайта шығуға дайын болуың керек. Оған қоса сапаны да ұмытпай, барынша нәтижеге жұмыс істеуің керек. 

Бірақ, әрине, шаршағаның білінеді. Кешке қарай күшің қалмайды. Үшінші күні қатты сезіледі. Шаршаңқы күйде боласың. Бұдан арыла алмайсың. Біздің ерекшелік те сол. Орныңнан тұр да, нәтижеге жет. Әйтпесе шорт-тректе не істеп жүрсің?

- Бәсеке туралы не айтасыз? Қазақстан чемпионатында жас спортшылар да көзге түсті. 

- Бәсеке деген керемет дүние. Бұл біздің дамып жатқанымыздың белгісі. Сонымен бірге бұл үлкен жетістік. Бізден кейін де мықты балалар бар екенін көру көңіл қуантады. Мәселен бұл мені ынталандырады.

Жаттығулар кезінде жасөспірімдер жылдамдығын арттыра түссе, мен  алға ұмтыла түсем. Барлық көрсеткішке кері әсерін тигізетін бірсарындылық жоғалады. 

Біздің алмастыратын мықты спортшылар аяқ басып келеді. 

Айта кетелік, 25-27 қазанда Канаданың Монреал қаласында Әлем кубогінің кезеңі өтпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или