Құзға өрмелеуден Азия чемпионаты басталды

Құзға өрмелеуден Азия чемпионаты басталды


Қытайдың Тайань қаласында құзға өрмелеуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға ел намысын қорғайтын Ұлттық құраманы ұсынамыз:

Жылдамдық бағдарламасында – Әмір Маймұратов, Ришат Хайбуллин, Бекнұр Алтынбеков, Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Тамара Олжабаева, Әсел Марленова;

Қиындық бағдарламасында – Азат Майкотов, Маргарита Агамбаева, Дарья Кузьменко, Елизавета Литус;

10 қазан – қиындық (ерлер, әйелдер)

11 қазан – қиындық плей-офф (әйелдер)

12 қазан – қиындық плей-офф (ерлер)

13 қазан – жылдамдық іріктеу, финал (ерлер, әйелдер)

Еске сала кетейік, құзға өрмелеуден сары құрлық чемпионаты 1992 жылдан бастап өтіп келе жатыр. 2000 жылдан бері Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или