Грекия құрамасы мен «Панатинаикос» ойыншысы көз жұмды
«Панатинаикос» қорғаушысы Джордж Болдоктың мәйіті табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
SPORT24 хабарлағандай, 31 жастағы футболшының мәйіті 9 қазан күні Афинаның шетіндегі үйінің бассейнінен табылған. Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ.
Болдок биыл жазда «Панатинайкосқа» ауысып, 4 матчта өнер көрсетті. 2017 жылдан бері ол англиялық «Шеффилд Юнайтед» сапында ойнады, онда 219 матч өткізді, оның 83-і Премьер-лигада.
Болдок 2022 жылы Грекия құрамасында дебют жасап, 12 матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или